Қайталанбайтын ән

Бұл бетте «Қайталанбайтын ән» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2301
(Кәукенге)
Ақбеттің самал желді күні желпіп,
Тауларды әнге басты ол күңірентіп,
Тыңдады тастар ұйып,
көлдер жусап,
Әншінің сиқыршыдай үніне елтіп.
Бір өзі Торыайғырды шайқағандай,
Әнші тұр тау мен тастан жай таба алмай.
Арнаған туған жерге осы бір ән
Кетеді-ау екінші рет қайталанбай.
Салса да барлық әнші қосыла кеп
Шықпайды енді бұл ән осылай боп.
Ол үшін әнші алдында тұру керек
Басқа жер Ақбет тау боп,
Жасыбай боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайталанбайтын ән өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қайталанбайтын ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайталанбайтын ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайталанбайтын ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері