Қанжар мен қалам – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қанжар мен қалам» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2452
Қанжар
Қалған жүзін тот басып,
Қанжар айтты қаламға.
Қара түнде от шашып
Жүрдім сонау заманда.
Ақ жүзіме қан тамды,
Ақ жүзіме жас тамды.
Салдым ойран талқанды,
Шаптым талай бастарды.
Ойыншық боп мен бүгін
Айбынымнан айырылдым.
Қалды адыра өрлігім,
Шегі жоқ бұл қайғымның.
Қалам
Қалып едің қадалып,
Талайдың көз жасына.
Қайғы бұлты оралып,
Қонды ма өз басыңа.
Мен ақынның қолында,
Жорғаладым тынбастан.
Менің жүрген жолымда
Қалды талай жыр-дастан.
Мен өлімге қарсымын,
Мен өмірге жаршымын.
Мен заманның дауысымын,
Осы менің бар сырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанжар мен қалам өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қанжар мен қалам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанжар мен қалам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанжар мен қалам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері