Қызғаныш

Бұл бетте «Қызғаныш» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3997
Қайсар бол,
Бол, немесе, кесір мейлі.
Кей туыс өшірмесе, өсірмейді.
Жоқ сенің зияның да,
Бірақ, бірақ
Жер басып жүргеніңді кешірмейді.
Өмірдің жас кезінде қызған әні,
Жастықтың арқасында із қалады.
Ат мінсең,
Кей ағайын,
Күші түгіл,
Түсін де тұлпарының қызғанады.
Аузыңа ала көрме қос соғымды!
Қас түгіл,
Көре алмайды дос соныңды.
Кей бауыр
Сөз қылады
Еңбегіңе
Лайық артық тапқан бес сомыңды.
Өзінен бұдыр тауып тегісіңнің,
Көзіме айтылыпты көбі сынның...
Кей жақын қимайды екен,
Басқа түгіл,
Бір елі биіктігін кебісіңнің!
Әр ақын әр нәрсені келеді аңсап.
Бірдеңе айтқың келер қалам алсаң.
Оныншы,
Жүзіншісің тірі кезде,
Ақын жоқ сенен артық өле қалсаң!
Жіберер аттандырып сапарыңа.
Оғы жоқ біреулердің атарына.
Апыр-ай!
Сен де, досым, жатасың ба
Осындай ағайындар қатарына?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғаныш өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қызғаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері