Омар мен Нұрмаханға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Омар мен Нұрмаханға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1904
Көп ойланған өте артық
— Көп сөз айтып көпіргеннен.
Мәнді болса, аз сөз артық,
— Мәнсіз болып, сетілгеннен.
Ауызбірлік, тату артық,
— Тоз-тоз болып түтілгеннен.
Не де болса, ортасы артық,
— Жалғыз озып жетілгеннен.
Қалпи шауып, қалған артық,
— Сорға шауып кетілгеннен.
Тура сөйлеп тұрған артық,
— Өтірік айтып өтінгеннен.
Халық алдында қадір артық,
— Көкке мойын көтергеннен.
Кімге бол сын, жай сөз артық,
— Қабақ шытып жекіргеннен.
Табыс болса, баяны артық,
— Масаттанып лепіргеннен.
Әр жұмысқа — сақтық артық,
— Артын алып, бекінгеннен.
Сабырлықпен байқау артық,
— Қапыл шошып, секіргеннен.
Құр қылжақтан — тоқтау артық,
— Қадіріңді кетіргеннен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері