Арша

Бұл бетте «Арша» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4338
(Қайнекейге)
Тосын бойы толы арша,
Тосын бойы қалың ну.
Құздарынан таласа
Құйылады ағын су.
Түк демейді, ол саған
Тоғайынан ал арша.
Шық тауына қоршаған,
Іш бұлағын қанғанша.
Бәрі тегін, ол жомарт
Тілегі бар бір ғана.
Жолаушыдан қолқалап,
Сұрайды тек жыр ғана.
1956
* * *
Аралап алыс бұлттарды,
Жағалап жалпақ даланы.
Таудан төмен сырғанап,
Күн зымырап ағады.
Күн зымырап ағады,
Ұясына қонады.
Бұлт үстінде толқиды,
Күннің қызыл жолағы.
Құз, қияны өрмелеп,
Ай туады дөңгелек.
Сырғанайды дөңгелеп
Көреді өзін көлге кеп.
Бұлдырап барып батады,
Артынша таң атады.
Бұлт үстінде толқиды,
Күннің қызыл шапағы.
Құлпырады шығыс жақ,
Күн тұрады ту ұстап.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арша өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Арша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері