Өлең, жыр, ақындар

Өтермін

Бақытты аңсап көрмедім, жат ұғым,
Сезінбей өттім, сарқылды бағытым.
Жарқыраған сәулеге қол созып ем,
Қолым жетпеді, жоғалды жарығым.

Кейбір жанға бақыттың бар мәні,
Мен үшін сырлы, сүреңсіз жалғаны.
Ұғам деп талай ұмтылдым сан рет,
Ұмыттырмады тағдырдың салғаны.

Дүниеге келдім, бақытсыз ба екенмін?
Солай ма, әлде тіпті одан бетермін?
Іздеп те таба алмай жүрмін құрысын,
Бұлыңғыр қиялдан адасып кетермін.

Өмірдің өзі үйреткен үлкен сабағын,
Бақытсыз кешіп, өшірдім үнсіз тарауын.
Бақыт та бір сәт есік қақпаған соң,
Содан болар, ішімде терең жара мұң.

Жолымды жауған қараңғы тұман көп,
Қалың тұман ішін түртсем де ұғар жоқ.
Бақытқа бір басып көрейін десем,
Тайып кетеді асу да амалсыз, сараң боп.

Бақыттың іздері түбі бұрылмай өтеді,
Кілтін іздегенше ай, жылдар кетеді.
Бір кілттің демінен жанды тұмшалап,
Құпия түнге қайта-қайта ереді.

Бақыт не өзі білмеймін, беймәлім,
Көзім шалмаған тұманда шын кейпін,
Тербеліп көңіл болса да, ынтызар,
Қалай да біле алмай түсінбей өтермін.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз