Орамал - ең үлкен сый – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Орамал - ең үлкен сый» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Орамал - ең үлкен сый мұсылманға,
Ұсынса біреу оны тастай салма.
Аналар ақ сезімін білдіретін -
Кестелеп, шашақ салып орамалға.

Орамал - белгісі еді аппақ ардың,
Арудың білдіретін махаббатын.
"Күтемін" - деген сөзді хатпен емес,
Аналар орамалмен ұқтыратын.

Қадірлі қонаққа да сыйға тартқан,
Орамал құнды еді кей адамнан.
Адам құны - жүз жылқы болса егер,
Бес жүз жорға тұратын жаулық болған.

Орамал - тек сәндікке тағылмаған,
Сұқ көзден қорғанатын жамылған жан.
Ойын-тойда жарқырап бәйбішелер,
Жиегіне тағатын лағыл-маржан.

Орамал - текті ұлттың дәстүр-салты,
Орамалды ораған әлем халқы.
Кешегі атеизм кезінде де -
Кәпірлер орамалмен алыспапты.

Ал бүгін ұл мен қызды бірге оқытып,
Отырмыз орамалдан қатты шошып.
Орамал киген қызбен алыспайды,
Ұлдар да сыйлап тұрады іштей қорқып.

Бас салып ұстай салмас шашынан да,
Ұялып, бата алмайды жақындауға.
Орамал - қорғаны жас бойжеткеннің,
Шақырар нәзік жанды басынбауға.

Сақтайық барлығымыз орамалды,
Зинадан періште пәк балаларды.
Педофиль "қол жетімді" - деп ойлайды,
Жалаң бас, жалаң тізе жас қыздарды.

Аллаһтың бұйрығында бар ұлылық,
Шаш - магнит, шаң жинайтын тартып тұрып.
Ультра сәуле, вирус та шашқа қонар,
Жын-пері үймелейді шашты көріп.

Орамал қалқан болар осыларға,
Басына шыт тағады есі бар жан.
Тәкаппарлар айтысып, сынай берсін,
Айттым бұл насихатты имандыға!

Гүлмекен Қасенбайқызы
22.12.2025 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орамал - ең үлкен сый өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Орамал - ең үлкен сый өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орамал - ең үлкен сый өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орамал - ең үлкен сый өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар