Анамның көзі бар менде – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Анамның көзі бар менде» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Анамның көзі бар менде

Күннен де жарық, мейірлі анамның көзі,
Жаныма майдай жағады еркелеткені.
Анамдай мені уайымдап, жаны күйетін,
Таба алмаспын-ау адамды адал жүректі.

Анамның көзі бар менде,
Сол көзбен қарап әлемге.
Анамдай сүйем ғаламды,
Мейірім төгіп бар елге.
Бөлісем махаббатыммен,
Анамның сүтімен сіңген!


Жанарымыз да аумайды күлімдеп қалған,
Өнегем бар бойымда өзіңнен алған.
Әлдиіңменен қазақтың әнін үйреттің,
Сол әнімменен дәстүрді келемін жалғап.


Анамның көзі бар менде,
Ақылын жидым жүрекке.
Дәстүр-салт, өнеге-үлгі,
Көрсетем артқыға мен де.
Анамның ізімен жүріп,
Жалғаймын жолын мәңгіге!

Орамалын да анамның мұраға алғам,
Тектіліктің бір белгісі - ұят, ар, иман!
Ана көзімен қабылдап салт пен дәстүрді,
Қызыма мен де табыстап өтем жалғаннан!

Гүлмекен Қасенбай
27.08.2025
13:34


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анамның көзі бар менде өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Анамның көзі бар менде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анамның көзі бар менде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анамның көзі бар менде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар