Өмір жалыны – Оразбай Сарыбаев

Бұл бетте «Өмір жалыны» атты Оразбай Сарыбаев жазған өмір туралы өлең берілген.

Адалдықтан айрылсам жоғалар ем,
Ардан аттап кетпедім бір қадам да.
Қысқа жалған, үйретші, өмір, өзің,
Өшпесін із өрнек боп бұл ғаламда.

Кей түндері үнсізбін сен де тыншы,
Екеумізге сөздің де керегі жоқ.
Мың айғайдан да ауыр сол тыныштық,
Жүрек түбінде көмулі дерегі көп.

Егер бір күн жолым да бітсе кенет,
Жарты жыр боп әлі де жазылмаған,
Сен адам боп өттің өмірден деп,
Өмір, сонда бір ауыз айтшы маған.

Өмір, сенен қашпадым, жасырмадым,
Дауылыңда ғұмырды ғасырладым.
Жыласам да, күлсем де алдыңда мен,
Бетпердесіз барымды асырмадым.

Өмір, өмір, кел бері сырласайық,
Қайғы болса, тірлігін сынға салып,
Жолымызды бізді іздеп кезіп жүрген
Уақытқа шындықпен жалғанайық.


Автор: Оразбай Сарыбаев


Пікірлер (2)

Нур

Күшті маған ұнады❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍❤️‍

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар