Өлең, жыр, ақындар

Досым менің

Сансыз шүкір өмірімде барыңа,
Аллаһ сені берген ғой менің бағыма.
Өмірімді нұрға бөлеп сен менің,
Әрқашанда демеу болдың жаныма.

Иә,сен менен тым алыста, жырақтасың,
Білемін сенен өзге ешкім мені жұбатпасын.
Қиындыққа ешқашан мойымастан,
Достық аты мәңгі бізге тұрақтасын.

Білесің бе?!
Қиналғанда алам сенен мен қуат,
Шашасың ғой әрдайым маған шуақ.
Адамдардың бәрі менен бас тартқанда,
Таптым ғой мен сенен ғана жайлы тұрақ.

Сен менің,
Үмітімнің жалғадың үзген жібін,
Құдайым-ау сенсіз қалай сүргенмін өмір бұрын...
Күзден күзге ұласты достығымыз,
Бір жыл болды мінекей бізге бүгін.

Құлағанда сүйеу болдың сен маған,
Кезерімде Аллаһ мені сынаған.
Осы бір қалпыңнан айнымашы,
Жаныма жаның менен ұнаған.

Ұнатамын сенен келген хаттарды,
Аралағандай боламын мен әсем әсем бақтарды.
Езуіме күлкі үйірген осынау,
Ұмытпаймын ешқашанда бұл керемет шақтарды.

Сақталады сөздерің көңілімде,
Болсаң деймін әрқашан өмірімде.
Әсте ешкім өшіре алмайтұғын,
Жоғалмайтын жылулық бар жүрегімде.

Мен білемін алдыңнан шықсадағы қандай сын,
Сен оларға сынбай ұшып самғайсың.
Тым биікке шығу жолын таңдап алып,
Еңбек етіп,бір орында тұрақтап сен қалмайсың.

Досым, абыройың,беделің биік болсын!
Басыңа бақыт құсы келіп қонсын!
Барында барлығын бағалайтын,
Кемелдігің арнасынан асып,толсын!

Білесің бе?!
Мен жаза алмаймын деп сонша қобалжып ем,
Шабыт келіп бітірдім бүгін әрең.
Бұл арнауым көңіліңнен шықса екен деп,
Бір ай бойы жаздым мен саған өлең...

Авторы: Жәнәбіл Қания



Пікірлер (5)

Дони

Өлең маған қатты ұнады. Мағынасы терең, жүрекке жылы тиеді. Досқа деген шынайы сезім өте әдемі берілген, оқыған адамды бейжай қалдырмайды. Керемет жазылған.

Қайрат

Өте керемет жазылған. Мағынасы да терең. Мынадай досы бар адам қандай бақытты десеңші!

Қайрат

Өте керемет жазылған. Мағынасы да терең екен. Мынадай досы бар адам қандай бақытты десеңші!

aituganovvv

Өте керемет

aituganovvv

Керемет жазылған туынды. Мағынасы терең екен. Мынадай досы бар адам қандай бақытты десеңші, шіркін!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз