Махаббат бұл кеңшілікте
Намыспенен біз бекер арпалыстық.
Жазардай жеңілгені хаттар ыстық.
Жеңімпаз кім боларын білмеген соң,
Берілген уәделерді қаптап құстық.
Қарамадық бұрылыпта артымызға.
Айрылған жүрек қалды жартымызға.
Сен аспанда мен жерде болсақта егер,
Бір болмаймыз, көмектеспес тартылыста.
Неге біздер бой бердік сол кісілікке.
Бес күн жалған оралмас бұр тіршілікте.
Кешігіп, кешіп келген өзеннің ағысымен.
Кеш ұғындым, махаббат бұл кеңшілікте.
Бұйырмаған бір болу шығар мүмкін.
Тыйылмаған жанжалдар бұлар шіркін.
Сағынғанда көз жұмып еске аламын.
Қараңғыда жарқырап тұрар көркің.
Кінәләуға хақым да жоқ өзіңді мен.
Кінәләймін тағдырды емес, өзімді мен.
Бар кезінде бақытты бағаламай,
Көл деп ойлап, батпақта жүзіп жүрген.
Ишберген Эльдар
- Конфуций
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі