Аққуым
Жел сипап, әппақ қанатың,
Күмістей көлге тарадың.
Іштегі жалынды сезгендей,
Қиыла төмен қарадың.
Жарқырап жазық маңдайың,
Жаулады көздің жанарын.
Емес бұл түстің елесі,
Толқытқан түннің сыңарын.
Қайыңдай нәзік беліңмен,
Тербеттің тынық көл бетін.
Үкілі кештің сыбырын,
Күй қылып төкші, сен керім.
Қиялымды жырға бөлеп ап,
Қарадым үнсіз, ұрланып.
Өзгермей мәңгі қалсайшы,
Шын сүйген жанға шын бақыт.
Аққуым менің, Аққуым,
Сенімен ғана шат күнім.
Ессіз қып естен тандырған,
Әдемі ай, сенің тәтті үнің,
Әдемі ай, сенің тәтті үнің...
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
-
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі