Жаңа заман ақымағы – Эльдар Ишберген

Бұл бетте «Жаңа заман ақымағы» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ғаламтордың кереметін тек білдік.
Тор емес ол - пасықтарға еркіндік.
Абай айтқан сөз түсінбес ақымақ
Жаңа заман, жаңа адам - серпіндік.

Себеп болған жар табуға талайға.
Интернетті адам жаман санайма?
Пікір жазып көрінгенге кісі боп.
Патша болады “диван” деген сарайда.

Перне басат, тағдырларға үкім қып.
Жалған “батыр”, сөзінде жоқ бүтіндік.
Әркімдерге ит боп үред тоқтаусыз.
Діншіл де емес, жүрегінде күпірлік.

Қызғанады, көреалмайды басқаны.
Қара дақтан жүрегі де лас жаны.
Есімдері кейде өтірік, кейде шын.
Суретте де бейне қойған басқаның.

Соңында шын ақиқаттан қашпаңдар,
Жалған даңқпен биік шыңға аспаңдар.
Адамдықты жоғалтпасаң – ұтқаның,
Жүрек таза болса ғана асқақтар.


Пікірлер (1)

Дамир

Өзекті тақырыпқа қалам тартқан ақынға сәттілік тілеймін!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа заман ақымағы өлеңінің авторы кім?

Эльдар Ишберген — осы өлеңнің авторы.

Жаңа заман ақымағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа заман ақымағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Эльдар Ишберген өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа заман ақымағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар