Оқырманға

Бұл бетте «Оқырманға» өлеңінің мәтіні және толық мазмұны берілген.

Білгенімен бөліскені парыз деп,
Серпінуге жаңа балғын мән іздеп,
Ақ парақта арпалысып жүр олар,
Жазбаларын түсінетін жан іздеп?

Толғанады кең ойында бір сыймай,
Жыры үшін бір ғұмырлық құн сыйлай.
Бір өмірде толып жатыр қателік,
Бір өлеңнің ғұмырында мың шимай.

Жуасытпа сөздің асау жорғасын,
Еркелесін ел еркесі болғасын.
Шабытына сүрінбесе болды ғой,
Табытымен түйістірмей арқасын.

Өнердегі ұғынарсың құлдықты,
Шабытына құл болғандар кіл мықты.
Өмірдегі қателігін қайтесің?
Өлеңінен тапсаң болды шындықты.


Жасырар жоқ, ақын жүрек баршылық ,
Демек, заман түзелерге тамшы үміт.

Bura-Naiman


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар