Ағынды менің Ақсуым – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Ағынды менің Ақсуым» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ағынды менің ақсуым,
Арқырап әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
Тұнжыраған торғын түн,
Төндім сұлу суына.
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұныма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал,
Шомылды таудың суына.
Таймандаған тайпақ ай,
Желегі ме, тауы ма?
Шүйке шарбы бұлтты
Қалақай қалды қылмия.
Аспанды, ай алтын құшағы,
Қусыра қайың кұшады.
Қарамай қайың қалайша
Қаужиған құшсын бұтаны.
Қайың мен сәуле сүйіссін,
Сүймегенді нысабы.
Итмұрыны мөлдіреп,
Қудырлап қоңыз ұшады.
Бауырлаған ағынның
Сумаңдап суы сылдырайд.
Құдиған қоңыр құрақтың
Саусағы суда судырайд.
Суға төнген бір шыбық
Дірілдейд, суда сырылдайд;
Оған қонған бір шымшық
Шиқ-шиқ етед, шырылдайд…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағынды менің Ақсуым өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Ағынды менің Ақсуым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағынды менің Ақсуым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағынды менің Ақсуым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері