Молданың мінәжаты – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Молданың мінәжаты» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Я раббым! Бұ не хал?
Жиһан жүзін кәпір алды
Я раббым, өзің назар сал…
Мұсылмандар ғапыл қалды.
Байдың малын талап,
Бинат деген пақыр алды
Битін сығып, қанын жалап,
Бадырақ деген тақыр алды.
Бұл күнгі өлім-жітімге
Молданы да шақырмайды.
Халыққа уағыз айтқан ағитатарлар
Халықты молда бұзды деп қалыдады
Пиғылдары да жаман…
Байды құрт, молданы жоғалт деп ақырады.
Әйелдерде ынсап жоқ,
Намақыраммен жүріп мекемеде тақылдады
Асты мұсылман, басы кәпірлер
Күрсіден шығып, күзендей шақылдады.
Никак, маһар мәселесін
Командасын бақылады.
Өкіл, исполкомдер
Бесті айғырдай сақылдады
Құрытпаған несі қалды?
Молданы мүлгітті, байды тақырлады
Бұлар баршасы заманақыр ғаламаты:
Дажал шығып қалуға да жақындады.
Табарак та иажул жалалы өлікрам…
Заманақыр жақындады… жақындады…
Астағыпыралда, иа сұхбан…
Заманақыр жақындады… жақындады…

1921 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Молданың мінәжаты өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Молданың мінәжаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Молданың мінәжаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Молданың мінәжаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері