Шортан – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Шортан» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Балықшы деп біледі,
Біздің ауыл көкемді.
Қыстың күні ол өзі,
Шортан ұстап әкелді.

Шабақты көп асайтын,
Шортанды біз аш дедік.
Сұрақ қойдым басы айқын;
«Шортан неше жаста еді?»

«Шортанның әр жасына,
Сәйкес аты бар тағы.
Шортанды бір жасында,
Кілегей деп айтады.

Екі жаста – қылағай,
Үш жасында – шорағай,
Ал шынтақтан асқанда,
Нағыз шортан қомағай».

Осылай деп көкеміз,
Айтып берді барлығын.
Сол шортанның етінен,
Дәм татамыз ал бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шортан өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Шортан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шортан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шортан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері