Жаңаша бір ұйқаспен жазылды – Манарбек Қарекенов

Бұл бетте «Жаңаша бір ұйқаспен жазылды» атты Манарбек Қарекенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көшемен келем ойлана,
Өмірді өткен ойға ала.
Ұлпаларға қараймын,
Көрінбес нәзік қанатпен,
Құлап жатқан жай ғана.

Шынымен деймін ішімнен,
Кезім көп менің күрсінген.
Қуансын деп пенделер,
Періште рухты қарларды,
Жаратқан жанға түсірген.

Тепкенде құзғын өзектен,
Сендерге айтар бар өкпем.
Бейкүнә аппақ қарларым,
Дүниені орай ақ түске,
Дамылдап жатыр кезекпен.

Аспанан түскен ақша қар,
Сендерге енді жер мекен.
Әділдік тапшы заман бұл,
Сендер келген аспанда,
Әділдік деген бар ма екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері