Рахмет саған, әліппе! – Бота Бейсенова

Бұл бетте «Рахмет саған, әліппе!» атты Бота Бейсенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлеңін жазған: Бота Бейсенова
Әнін жазған: Бота Бейсенова

Алғаш рет қолыма ұстадым,
Әліппені сыйлаған ұстазым.
Білім атты әлемге аштың жол,
Рахмет саған, әліппе! Қош сау бол!

Қайырмасы:

Әліппе, әліппе!
Арналады бүгін жыр саған.
Әліппе, әліппе!
Алғысымыз шексіз бір саған.

Көмегіңде өзіңнің әліппем,
Қырық екі таныстық әріппен.
Ең алғашқы білімді алдық мол,
Рахмет саған, әліппе! Қош сау бол!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері