Ленин – октябрь

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3369
Тек қана поезд гүрсілі
Айнала жым-жырт қалғыған,
Секілді бір сыр аңдыған,
Келе жатыр бұл түні
Ленин Финляндиядан.
Паровоз іші тым ыссы,
Сонда да Ленин көңілді.
Келеді алып жұмысшы
Келеді алып Ленинді,
Келеді алып өмірді!
Болмайды көзін ол ілсе,
Жанады күндей жалындап,
Қарайды аспан Ленинше,
Қарайды дала Ленинше,
Көзінің нұрын қағып ап.
Кепкасын төмен түсіріп,
Қарайды көзін сәл қыса.
Қиялын көкке ұшырып,
Ойлайды өзі халқынша,
Ленинше — өз қалпынша.
Шекара кейін шегінді,
Орыстың жері жүзі ыссы,
Келеді алып Ленинді,
Келеді алып өмірді,
Қарапайым жұмысшы.
Жарар еді бұл түнді
Дейді ол:— кейін ел білсе,
Мінезі қызық бір түрлі,
Түсіреді кепкасын
Ол-дағы төмен Ленинше.
Түсінеді әрине,
Отанның байтақ жерінде,
Ойнайтынын от жалын.
Ленинменен ол — бірге
Октябрь келе жатқанын.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин – октябрь өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ленин – октябрь өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ленин – октябрь өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин – октябрь өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері