Мен қазақтың қызымын – Естай Әлікеев

Бұл бетте «Мен қазақтың қызымын» атты Естай Әлікеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлеңін жазған: Естай Әлікеев
Әнін жазған: Алтын Маханбетова

Жан анамның ән қызы,
Ән акемнің дәм-тұзы.
Мен боламын солардың,
Бақ құсы мен ақ құсы.

Биіктерге ұмтылған,
Бар жақсының ізімен.
Гүлдей болып құлпырған,
Мен қазақтың қызымын.

Қайырмасы:
Ля ля ля
Ля ля ля
Ля ля ля
Мен қазақтың қызымын!

Балалық шақ арманым,
Жаңа әнім арнадым.
Шаттықпенен мереке,
Қуанышты жан жағым.

Әуелетіп әніміз,
Бар әлемнің сәніміз.
Қос дауыста шырқайық,
Бақыттымыз бәріміз.

Қайырмасы:

Жан анамның ән қызы,
Ән әкемнің дәм-тұзы.
Мен боламын солардың,
Бақ құсы мен ақ құсы.

Биіктерге ұмтылған,
Бар жақсының ізімен.
Гүлдей болып құлпырған,
Мен қазақтың қызымын!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар