Туған жерім, ыстықсың – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Туған жерім, ыстықсың» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 6917
Туған жерім, ыстықсың сен бір түрлі,
Бәрі таныс, бәрі маған сүйкімді.
Өзеніңмен бердің маған күлкіңді,
Өлеңіңмен бердің маған мың тілді,
Туған жерім, ыстықсың сен бір түрлі.
Түн қанаты түскенінде судырлап,
Жатсаң жерге құлақ қойып тың тыңдап.
Үн толқыны шыңға соғып шыңылдап,
Қайта айналып тіл қатқандай сыбырлап,
Түн қанаты түскенінде судырлап.
Не деп қана айта аларсың құс тілін,
Күннің көзі шашқанында ұшқынын.
Көктем келіп қуғанында қыс күнін,
Бүкіл дала өзгерткенде түс-түгін,
Не деп қана айта аларсың құс тілін.
Жусанынан жұпар әтір алған ба,
Хош иісті өзен, ылди, таулар да.
Гүлін атқан бүршік жарып талдар да,
Иссу өзен жүзген толқып аңғарда,
Жусанынан жұпар әтір алған ба?
Туған жерім, ыстықсың сен бір түрлі,
Алу үшін тың қазына мүлкіңді.
Аштық бүгін азанменен ұйқыңды,
Боласың сен бұдан сұлу,
сүйкімді,
Туған жерім, ыстықсың сен бір түрлі.


Пікірлер (1)

Аяжан

өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерім, ыстықсың өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Туған жерім, ыстықсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерім, ыстықсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Cырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерім, ыстықсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері