Бөгенбай өліміне

Бұл бетте «Бөгенбай өліміне» атты Үмбетей Жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 4
  • 30998
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгенбай!
Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгенбай!
Қалақайлап дулатқан,
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты алдың, Бөгенбай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай!
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай!
Жалаңқия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған
Білегі жуанбүркіттің
Тегеурініндей Бөгенбай!
Баянаула, Қызылтау,
Абыралы, Шыңғыстау,
Қозы Маңрақ, Қой Маңрақ,
Арасы толған көп қалмақ;
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың!
Ақшәуліге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың;
Қалмаққа ойран салдырдың!
Қабанбай мен Бөгенбай,
Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың!


Пікірлер (4)

Елдана

Оте жаксы

Аяужан

Жақсы керемет

Өте жақсы жазылған өлең шумақтары

Өнердин барлыгы осы кисидеме деп ой туындап отыр

жасмин

маған қатты ұнады рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөгенбай өліміне өлеңінің авторы кім?

Үмбетей Жырау — осы өлеңнің авторы.

Бөгенбай өліміне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөгенбай өліміне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Үмбетей Жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөгенбай өліміне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері