Мазалайды бұл ойлар неге мені – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Мазалайды бұл ойлар неге мені» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мазалайды бұл ойлар неге мені,
Қашан менің терезем теңеледі.
Керек емес біреудің демегені,
Қажет емес біреудің елегені.
Сағат санап өзгерген мына ғалам,
Мына уақыт бізге енді не береді?..
Қатал тірлік жанымды мұздатқалы,
Тас бауыр жан жанымды сыздатқалы.
Жүрегімді бір сезім мұздатқалы,
Солқылдатып санамды соққылайды,
Мың қатпары миымның, жүз қатпары.
Керегімнің бәрі де бар сияқты,
Естіледі бір әуен ән сияқты.
Мазағынан, тағдырдың тозағынан,
Тұла бойым қып-қызыл қан сияқты.
Мынау байтақ дүние, шексіз әлем,
Әділетсіз тірлікке таң сияқты.
Жалқы көңіл, құлазу күні-түні,
Кеудемдегі сол дүрсіл – үміт үні.
Өлең – өмір, өмірің бүгінгі күн,
Тағдыр – жазу, түспеген бір үтірі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері