Дәлелдемек боламын кімге нені
Бұл бетте «Дәлелдемек боламын кімге нені» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дәлелдемек боламын кімге нені,
Күн артынан ілесіп күн келеді.
Мен әйтеуір елегзіп күтудемін,
Шын бақытқа ұқсайтын бірдеңені.
Бірдеңені иә, рас, бірдеңені,
Көргім келген... жоқ оның бір дерегі.
Ол жайлы айту ыңғайсыз болар білем,
Құрғыр жүрек өйткені сыр береді.
Өмір жүйткіп барады қалай ғана,
Қарауға да құлқым жоқ шарайнаға.
Онсыз-дағы жүргенде басым қатып,
Қинағанды қойыңыз, жарай ма, аға!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі