Қызыл гүл – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қызыл гүл» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қажетi жоқ ұсынған қызыл алмаң,
Шашыма тақ сол гүлдi үзiп алған.
Гүлдей болып құлпырып қалса деп ем,
Жан сарайын жаңғыртқан үзiк арман.
Үндемедiң адамдай сасып қалған,
Алдыңда мен сырымды ашып та алғам.
Бұрымына құрбымның тақтың гүлдi,
Күнi қараң мен тұрмын ғашық болған.
Шыр айналып барады жан ұршығы,
Арманымның өзiң ең самырсыны.
Жүрегiмдей сен деген дiрiлдейдi,
Үзiлген гүл қып-қызыл қабыршығы.
Жұлдыздаймын жоғалған жанып көктен,
Кiмге керек жан күйi налып төккен.
Қызыл гүлдей қызарып қалды арманым,
Бұрымына құрбы қыз тағып кеткен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері