Ақ бұлттар – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Ақ бұлттар» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ай нұры!
Көзiмдi жасқа көмдiрген
Ап кетшi, мендiк қайғыны.
Керегi бар ма, мұңлыққа,
Дүниенiң түпсiз байлығы.
Мазмұнын iздеп мұңымның,
Май iшкен жүрек айныды.
Сүрлеулi жолдар тосып тұр,
Сүрінем қашан, қай күнi.
Жұлдыздар!
Бiр ысып, жаным бiр мұздар.
Жамаусыз жыртық кеудемнен,
Уiлдей соғар күнде ызғар.
Тәнiме у боп тараған,
Тоң болып қатқан бiр мұз бар.
Аспанға ылғи сәлем сап
Жүретiн жерде бiр қыз бар.
Бiр қыз бар, аты – өлең бе,
Отырар жырға төнер де.
Адамдар ұғып болмайтын,
Жұмбақ бар тылсым сол елде
Сезiм бар сыршыл ол елде...
Ақ бұлттар!
Көңілiмде шалқар шаттық бар.
Туғаныңа жақпай жүргенде,
Жарым көңiлдi жат құптар
Адасып жүрген жайым жоқ,
Арзу айтуға аптықпа ар.
Арзу айтуға аптықпа ар!
Күн шуақ!
Жүр дейсiң жайды кiм сұрап.
Пендесiн өзi Тәңірiм!
Сүйейдi кейде бiр сынап
Ағысы қатты тiрлiгiм,
Арындай бермей тыншып ақ
Тыншып ақ, өмiр-кiл сұрақ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері