Жаным да бөтен, тәнім де бөтен – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жаным да бөтен, тәнім де бөтен» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаным да бөтен, тәнім де бөтен,
Көп арман көзге шалынған екен.
Мұңайып тұрып түсіндім бәрін,
Өзіңді көкем сағынған екем.
Өзім де бөтен, көзім де бөтен,
Қашанғы өстіп өзім деп өтем.
Ащы жастардан жерініп кеттім,
Өмірден көңіл безінген екен.
Дәптерге мынау сыр аша бердім,
Мөлтілдеп көзім жыласа келгін,
Жан таппай жаным елеңдеуменен,
Жәудіреп тағы қыр аса бердім.
Домбыра үні күй ағытқанда,
Қараймын ылғи мұңайып таңға.
«Көңіл толқыны» әкетті баурап,
Айналып кеттім сия бұлттарға.
Жаным да бөтен, тәнім де бөтен,
Лаулап бір қашан жалындар екем.
Мұңайып тұрып түсіндім бәрін,
Өзіңді көкем сағынған екем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері