Қашан бір жаным жай табар – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қашан бір жаным жай табар» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қашан бір жаным жай табар,
Шыным бар бүкпей айта алар.
Қаймағы қалың көңілдің,
Мезгілі жетті шайқалар.
Сезіммен көрдім алысып,
Арманмен жүрмін табысып.
Жоғалып кеткен жандаймын,
Өмірімді ерте тауысып.
Бірлігін күтіп бауырдың,
Арқалап болдым ауыр мұң.
Сауырым сипар епті жоқ,
Еп-ерсілерден жауырмын.
Көңілім түкті қаламай,
Жалтақтай бердім баладай.
«Кінәлі өзің» деген боп,
Мысқылдап қарап қалады Ай.
Тұңғиық ойды кешемін,
Есерсоқ десін, десе кім.
Көйлегімді де кейде мен,
Еріксіздігімнен шешемін...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері