Сезім сең – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сезім сең» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Естіп тұрсың жаңбырдың үнін сен де,
Сен жайлы ойға тағы бір үңілсем бе,
Бүгін сен де ұйықтамай мені ойлап шық,
Қыз біткеннен жалығып түңіл сен де.
Мен шылқыған жаңбырға малын сен де,
өзімде емес, ұқсаңшы жаным сенде.
Жалын сен де, біреуді сүйіп қалып,
Айналдырып жасыңды ағын, селге.
Сезін сен де, еңіреп, егіл сен де,
Жиіркенсең де, өмір сол... жерінсең де.
Менің сенде кегім жоқ қалып кеткен,
Малтып жүрген бір жанмын сезім сеңде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері