Нендей сезім – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Нендей сезім» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Нендей сезім,
Қандай арман тербеген,
Бөтен пәтер,
суық бөлме,
төрде өлең.
Аңсаулар көп,
орындала бермейтін,
Бақыт кейде
сығалайды пердеден.
Жаным жалын,
лап етеді өртеніп,
Оның бәрі
бәлкім тағы еркелік.
Дүниенің дүбірінен
қорықпағам,
Өлермен көп,
келем содан жиіркеніп.
Бұл фәниде
күткен үміт көбірек,
Сезімімді жібердім бе
көп іреп.
Менің жаным түнге ұқсайды,
ал Айсыз,
Жарық болып
тұрмайды ғой, төңірек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері