Тірлікте мынау мәңгі емес бәрі – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Тірлікте мынау мәңгі емес бәрі» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тірлікте мынау мәңгі емес бәрі,
Тоқтатар жүрек соғысын.
Қиялымда атып таңғы елес тағы,
Жібиді мұздақ, тоң ішім.
Нәп-нәзік жаным үзілер ме екен,
Жанарға моншақ тізілер көкем.
Тізіліп ұшқан тырналарымен,
Менен де гөрі күз іреңді екен.
Өшімді ылғи көзімнен алып,
Үмітті шоқтай төзімге қарып.
Лаулаған оттың ішінде жүрмін,
Өзім де жанып, сезім де жанып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері