Ең қымбаттым өмірдегі сен ғана – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Ең қымбаттым өмірдегі сен ғана» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ең қымбаттым өмірдегі сен ғана,
Жалғызымсың, жанашырым, барымсың.
Саған айтшы, ай мен жұлдыз тең бе Ана,
Жүрегімсің, тірегімсің жанымсың.
Бақыттымын шуағым сен жылынар,
Құшағың бар аңсатпайтын өзгені.
Мендік жайдың барлығын да ұғынар,
Жәудірейді мейірім толы көздері.
Сенсің Ана, сені маған Тәңірім,
Тастап кеткен, жылауымды қаламай.
Оның рас, отырамын ойланып,
Еркелігі ерте біткен баладай.
Сенен өзге кім бар маған бақ тілер,
Жалғаспасын моншақтардың тізбегі.
Жапырақпен тағы тәнін жапты жер,
Өткен шақтың көрінбейді іздері.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері