Келмедің – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Келмедің» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Келмедің
Жүрегім жаншылды азаптан.
Сен бе едің,
Жанымды қайғыдан тазартқан.
Келмесең келмегін.
Шөлдедім,
Бәріне кінәлі өзіммін.
Көнгемін,
Себебі, сені ойлап
Көз ілдім.
Қуандым,
Несіне қуандым,
Мен бәлкім,
Ақымақ шығармын.
Оу, жалған, тәкаппар
Мұнар күн,
Мен мүмкін,
Тек саған сыңармын,
Тек саған
Шын ғашық шығармын.
Құлармын,
Құласам, құлармын.
Құлап ап,
Қайтадан тұрармын.
Қасқайып қарсы алып
Азапты,
Онымен салтанат құрармын.
Өйткені, өмірді сүйемін,
Өмірге өлердей
Құмармын.
Келмедің,
Келмесең келмегін,
Өзің ең, сүйгенім,
Сенгенім.
Ұқпадың жанымды
Шерлі едім.
Күндердің сыйладың
Кермегін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері