Өзімді-өзім кінәлап аламын да – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Өзімді-өзім кінәлап аламын да» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзімді-өзім кінәлап аламын да,
Көмілемін көңілсіз нала мұңға.
Ашушаң боп барамын соңы кездер,
Жас құрғап жанарымды.
Шаршадым ба, білмеймін, жалықтым ба,
Менде бары бір өлең таныттым ба.
Осы күні көктемім өкпелетті,
Қызғалдақтар шықпайды жанып қырға.
Енді міне, өзіммен өзім қалдым,
Өмірімнің ішінде өзім бармын.
Үмітіме ұрыстым алдама деп,
Серік етіп жаныма төзімді алдым.
Қызық екен бәрі де жалғаныңның,
Айыптымын алдында арманымның.
Кешірімін ала алмай кетпесем тек,
Өкініштен тістелген бармағымның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері