Жеңгелеріме – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жеңгелеріме» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жеңгелерім!
Сен де келін,
Біреуге мен де келін.
Тереңінде,
Сезімнің тербелемін.
Шіркін, менің
Қолымнан бәрі келсе,
Бар сырқатын
Жаныңның емдер едім.
Жеңгелерім!
Бармағаның болмайды,
Келмегенің,
Алмағаның жарамас,
Бермегенің.
Туғаныма айналдың
Сен де менің,
Бір қаныма айналдың
Сен де менің.
Жеңгелерім,
Бауырлардың өздерің,
Емдер емін,
Көп болса да
Көргеннен көрмегенің,
Сендер ғана
Табатын сияқтысың,
Менің ағаларымның
ең керегін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері