Жылады түн – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жылады түн» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылады түн
Жұлдызын шашып алып,
Өкінді түн,
Бар сырын ашып алып.
Жинай алмай төгілген
Моншақтарын,
Қара түнмен барады
ғасыр ағып.
Жылдар жылжып барады,
Күндер өтіп,
Табаныңнан сыз анау
Жүрген өтіп.
Жадыраған жастығым
Жыламсырап,
Сағаттармен барады
бірге кетіп,
Минуттармен барады
Бірге кетіп.
Түн жылайды,
Күн бірақ жыламайды.
Жасырады бұлт неге
Бірақ Айды.
Өмір өтіп барады
Дегенімен,
Неге өтті деп
оны ешкім сұрамайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері