Жанарымнан мөлтілдейді тұнық мұң – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жанарымнан мөлтілдейді тұнық мұң» атты Роза Сейілхан жазған мұң туралы өлең берілген.

Жанарымнан мөлтілдейді тұнық мұң,
Күнбағыстай күнге ғашық жан едім,
Мен өзіңді неге ғана ұмыттым,
Жүрегімнің түкпірінде бар едің.
Бақыт іздеп баспаған тау қалмады,
Қателіктер кетті қайтем, пендемін.
Биік екен шын тілектің заңғары,
Сыртын берді, сезімдерім, сенгенім.
Бірімізді алдап тағы біріміз,
Өмір деген сахнада жолықтық.
Сезім атты шашылды да гүліміз,
Жақсы түсті жақсыларға жорыттық.
Кірпігімді сүйді жылап кірпігім,
Сағат тілі тықылдайды тынымсыз.
Жүрегімнің жырмен жамап жыртығын,
Тілсіз тағдыр мылқау шығар?!
Тұр үнсіз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері