Дүние әлі жас шағында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дүние әлі жас шағында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2678
Ойнасын бұлт аспанында,
Жатсын қар тау асқарында.
Кеше ғана жаралғандай,
Дүние әлі жас шағында.
Көкте күннің қызуы артып,
Атыраптан желдер есіп,
Қыраттарда қызыл барқыт
Бара жатыр гүлдер көшіп.
Орман-қыздар билеп, ойнап,
Алматының бақтарында.
Бұлақ-бұлбұл гулеп, сайрап,
Тіл қатады ақтарыла.
Жас баланың жүрегіндей,
Жапырақтың дірілдері.
Өзен тасып тұр өмірдей,
Барады ағып күн ілгері.
Көгілдірлі көлге төніп,
Ұясына күн асығар.
Ай жүзеді дөңгеленіп,
Оның да өз шаруасы бар.
Бәрі тыныш төңіректің,
Тыныштық — өлең-өмір досы.
Асқарына көкжиектің,
Көтерілер көңіл хошы.
Жаным талай жараланды,
Соғыс ізі қолда қалған.
Сақтаймын мен балаларды,
Дауылдар мен борандардан.
Ойнасын бұлт аспанында,
Жатсын қар тау асқарында.
Кеше ғана жаралғандай,
Дүние әлі жас шағында.
* * *
Ақ көбікке оранып,
Ала толқын ақты су.
Өсті содан нәр алып,
Аппақ қайың — ақ сұлу.
Өзен күліп аққандай
Өз қызына қуанып,
Жас қайыңдар жатқандай
Жапырласа су алып.
* * *
Кешікті деп күнім не ғып,
Көзім болар алақандай.
Жүрек, шіркін, діріл қағып,
Тулар жетім балапандай.
Кездескенде балқып жаным,
Қарай берем көздеріңе.
Ауызымнан шалқып жалын
Булығамын өз деміме.
Жанап кетсең күйдірердей
Менің үшін өртің қауіп.
Салдың басқа күйді нендей,
Қойдың қалай еркімді алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүние әлі жас шағында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Дүние әлі жас шағында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүние әлі жас шағында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүние әлі жас шағында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері