Қанша ғасыр өзіңнен алыстады – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қанша ғасыр өзіңнен алыстады» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қанша ғасыр өзіңнен алыстады,
Қанша жұлдыз құлады ғарыштағы.
Жанымызды қанша мұң жаныштады,
Қанша тағдыр табысты, табыспады.
Тоқтаған жоқ сонда да уақыттың
Тоқтатуға болмайтын ағыстары.
Ауыспалы дүние-ай, ауыспалы,
Анау көше, мынау үй, таныс бәрі.
Мүсін алма телмірер көшелерден,
Алматының апортын тауысқалы.
Нендей күйді бұл қала өткермеді,
Сонда да өгей біреуге боп көрмеді.
Қаншама аңыз тарады ол туралы,
Қанша ақынның жүрегін от кернеді.
Сағат санап емес-ау, минут санап,
Зәулім, әсем сарайлар көкке өрледі.
Гүл иісін аңқытып көк белдері,
Бір-бірімен жарасқан көк пен жері.
Сезіміне масайған қаншама ару,
Бұрымдарын тарқатты тоқ белдегі.
Қарсы тұрған нөсерге, жасынға да,
Төзе білген жүрегі тас ұлға да.
Пысықтарды көтеріп төбесіне,
Пана болған бұл қала масылға да.
Талайларды тамсантқан бұл Алматы,
Арман болған бір кезде Қасымға да.
Талай жанға бұл әлі арман қала,
Әу бастан-ақ, бағы шын жанған қала.
Ұрпағыңа бере бер, жемісіңді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері