Мұңмен мұңды жалғап алып жүргенім – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Мұңмен мұңды жалғап алып жүргенім» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мұңмен мұңды жалғап алып жүргенім,
Кімге керек жылағаным, күлгенім.
Өзіңменен қоштасқалы тәйірі,
Жүрегімде дертім үдеп жүр менің.
Кездеспедік, айлар өтті, жыл өтті,
Жалғыздығым, жан қызуым жүдетті.
Күздің соңы, жапырақ боп үзілдім,
Жабығумен, сағынумен күн өтті.
Енді өзіңді іздемесем дегемін,
Арманнан да алыс қалды дерегің.
Қыз атаулы жар сап жүрген сезіммен,
Мен де сені аңсауменен келемін.
Қандай жазам, сұрамаймын үкімін,
Сен деп қана көтерер ем бүкілін.
Күн де жалғыз, Ай да жалғыз, ұйқысыз,
Күлкі жалған, көз ілмейтін үкімін.
Тастан да ауыр азабым бар салмағым,
Қолда барды шашып-төгіп алғамын.
Өткен өтті, қайтарарға дәрмен жоқ,
Жаңаруда жаңа күнім, таңдарым.
Ақ үмітті пәк үмітке жалғадым.
Ұшқым келді, қанатсыз-ақ самғадым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері