Сен келем деген күн де алыстады – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сен келем деген күн де алыстады» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен келем деген күн де алыстады,
Арманнан қалдым адасып.
Жымиды жұлдыз ту ғарыштағы,
Ай туды түнмен таласып.
Бұл қала мені мазақ қылады,
Өзімнен кеттім жалығып.
Жылуға жаным аз-ақ тұрады,
Тәтті сәттерді сағынып.
Ғайып боп кеткен сияқтанады,
Бақытқа масаң күндерім.
Сезімді санам жиі ақтарады,
Мұндалап мұңды көздерім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері