Есіңде ме... Сонау жыл – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Есіңде ме... Сонау жыл» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Есіңде ме...
Сонау жыл,
Тас түнек түн
Орауында жаттық біз шаш, білектің.
Естіртпеді асау ой айтқаныңды,
Естіртпеді дүрсілін жас жүректің.
Құрғыр көңіл аңсап бір тәттілікті,
Мен көрсеттім сонда тым жат қылықты.
Сен тіледің болмайтын махаббатты,
Мен тіледім ғажап бір сәттілікті.
...Осылайша арпалыс тоқтамады,
Жайлап алды желіктің ақ бораны.
Менің жаным қызыққа құмартады,
Сенің жаның шарасыз сақтанады.
«Барады деп ондайға қайдан арың»
Ойладың ба,
Жоқ әлде ойламадың...
...Күліп тұрып мен алғаш күйіп тұрдым,
Жылап тұрып сен алғаш аймаладың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері