Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш

Бұл бетте «Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3828
Қоңыраулы өзен,
қоңыр кеш
Көк шымылдық ашылған.
Мөлдір кеш, нәзік со бір кеш
Бардай-ақ сыры жасырған.
Шашағын жасыл тал жайып,
Құрақтар төмен иілген.
Нәзік жан дүние ғажайып
Атлас жібек киінген.
Өзіңе-өзің қалып таң,
Боласың сонда бір түрлі.
Құйылғандай ғайыптан,
Ғажайып үндер сиқырлы.
Көңілге бір күй қонғандай,
Шабыттан шақпақ от түсіп.
Кетсең де қазір болғандай
Жеп-жеңіл кеште көкке ұшып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері