Есіңде ме, ерке қыз – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Есіңде ме, ерке қыз» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Есіңде ме, ерке қыз,
Есіңде ме өткенің?
Сен – дауыл боп,
(Мен – теңіз)
толқындатып кеткенің.
Махаббатқа азырақ
Сыйыспадық бірге біз.
Ойда жоқта ажырап
Кете барды іргеміз.
Әлде тіпті сенбедің,
Қалдың әлде жек көріп?
Кете бардың
Мендегі
Қимастықты бөктеріп.
Еш кінәм жоқ,
Сезіндім.
(Кештеу білдім, қап бәрін!)
Жалғыз кінәм
Өзіңнің
Өзге жігіт тапқаның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері