Эльбрус – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Эльбрус» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1985
Егіз шыңды Эльбрус
Мұздан ғана жаралған.
Сәулесімен күншығыс,
Қабырғасы қаланған.
Күн шығып, не батарда
Егіз шыңы көрініп.
Жалт береді жапанда
Жалпақ бұлтқа көміліп.
Екі ақша бұлт ауада,
Үзіліп бір қалғандай.
Екі аққу далаға
Салтанатқа қонғандай.
Оян да аш көзіңді,
Бере қалса жел дыбыс.
Шақырғаны өзіңді
Шаңқай түстей Эльбрус.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эльбрус өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Эльбрус өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эльбрус өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эльбрус өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері