Көздердің қарашықтары

Бұл бетте «Көздердің қарашықтары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2233
Осы бір қара көздерде
Мейірім, жылы күлкі бар.
Атылар кейбір кездерде
Ашу бар,
аспан бұлты бар.
Жүгіріп жатқан ағын бар,
Құбылып жатқан сағым бар,
Сақылдап жатқан дауыл бар,
Лапылдап жатқан жалын бар.
Реніш, қайғы, рақым -
Тоғысқан барып әммесі.
Көз-айна толқып тұратын
Сезімнің бүкіл сәулесі.
Бар онда көктем гүлдері,
Бар онда ауа шықтары.
Адамның жанған күндері -
Көздердің қарашықтары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздердің қарашықтары өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көздердің қарашықтары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздердің қарашықтары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көздердің қарашықтары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері