Сағындырдың, сарыарқа – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сағындырдың, сарыарқа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 7355
Жалпақ жер — жалғыз ауыл боп,
Күнімді туған тойлап ең.
Сақ-сақ күліп дауыл боп,
Сахараңда ойнап ем.
Самалды өлке, сайран көл,
Аңсаймын енді жарымдай,
Алыс қалған, қайран ел,
Бұлдырайсың сағымдай.
Қайда жүйрік тұлпарым,
Тартып мінген айылын,
Қашағанды қайырған
Қайда құрық қайыңым.
Жылап қалған кетерде
Қарақат көзді қайда қыз...
Бәрін соның ұрлаған
Айтшы, маған, қай жауыз?!
* * *
Уақыт жоқ, кеш, ару,
Күт бізді әнменен.
Саусылдап бес қару
Аттандық таңменен.
Қараңғы түндерде,
Ойнанды от лаулап,
Аяулы гүлдерге,
Түседі оқ саулап.
Майданның алаңы —
Батысқа ағамыз.
Күннен-күн барады
Алшақтап арамыз.
Қарай бер, қара көз,
Күте бер, хат-хабар.
Жазылып жара тез,
Кездесер шақ болар.
Қайғымен егілме,
Өзіңді нық ұста.
Жаздың бір күнінде
Қайтармыз шығысқа.
Нұр жауып ала бұлт,
Гүл өсер жолдарда.
Жасарып, жаңарып,
Тұрармыз орманда.
***
Тұрды таулар көлденең,
Тұрды ормандар көлденең,
Жүрдік ауыр жүк артып,
Жан баспаған жолменен.
Оның несін айтамыз,
Бөгелмедік абыржып,
Мақтанамыз қайта біз
Көтергенге ауыр жүк.
Жеңіс оңай келген жоқ,
Тұтқиылдан тым жедел.
Не пәлені көрген жоқ,
Жұлдыз-бөрік, сұр шинель.
Автоматты асынып,
Құрыш сауыт киді жұрт.
Көк жадырап ашылып,
Көздің жасын тыйды бұлт,
Көкіректей күй шұбап,
Жөнелді мың тармаққа.
Жел гүлдердің исін ап,
Шашып жатыр жан-жаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындырдың, сарыарқа өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сағындырдың, сарыарқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындырдың, сарыарқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындырдың, сарыарқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері