Бабамыз батыр Саңырық

Бұл бетте «Бабамыз батыр Саңырық» атты Абдрахман Асылбек жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1366
Қаралы күндер жамылып,
Тұрғанда елім тарығып,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Аттанған жауға Саңырық.
Қазаққа жаулық сағынып,
Келгенде қалмақ қағынып,
Жебесін кезеп жез тұмсық,
Қырғидай тиген Саңырық.
Шапқанда қалмақ жабылып,
Сұр мерген батыр Саңырық
Садағын кере тартқанда,
Жер құшқан жаулар шаң ұрып.
Тарихым қайта танылып,
Жарық күн қайта жағылып,
Жалынды жырға айналған
Бабамыз батыр Саңырық.
Жауына жойқын самұрық,
Жұлдыздай жарқ-жұрқ ағылып,
Талайдың басы қағылып,
Көрсеткен «ойнын» Саңырық.
Жеңіске бастап бар үміт,
Жаралы жаны жанығып,
Отаны үшін от кешіп,
Сақтаған елін Саңырық.
Тарихым қайта танылып,
Жарық күн қайта жағылып,
Жалынды жырға айналған
Бабамыз батыр Саңырық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бабамыз батыр Саңырық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бабамыз батыр Саңырық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бабамыз батыр Саңырық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бабамыз батыр Саңырық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері