Қайыңды – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қайыңды» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3742
Сен туралы дерек жоқ,
Баяндайтын жайыңды.
Жалғыз қайың себеп боп,
Атандың ба Қайыңды!
Көрінсең де шап-шағын,
Көздеріне басқаның.
Мінгенсін тартып ат жалын
Ыстықсың бейне жас шағым.
Төбемде тұнып аспаның,
Төменде күліп жас талың.
Сөйлесем бірге жаңғырған,
Сырласым болып тастарың.
Мен де ол кезде жалқы едім,
Жан серігін іздеген.
Сен де ол кезде жалқы едің,
Айтқан жалғыз түзде өлең.
Бүгін білсем жайыңды,
Бұрынғыдан бөлексің.
Сен де мендей қайыңды,
Ұялы бір терексің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайыңды өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қайыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері